16 Қараша 12:23

Яндекс такси жүргізушісі жолаушыға пышақ салған

Фото:

Алматыда Яндекс Такси қызметінің жүргізушісі жолаушыға пышақ салған. Оқыс оқиғаға қатысты полиция департаменті түсінік берді.

Алматы, NEGE. ПД хабарлауынша, аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 107-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тағайындалған тиісті сараптамалар нәтижесінде процессуалды шешім қабылданады. Бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Алматылық әйел Яндекс такси қызметін пайдаланған. Такси жүргізушісі оны діттеген жеріне жеткізуден бас тартқан. Келіспей дау шығарған әйелге такси жүргізушісі күш қолданып, пышақ салған.

Тегтер: