Вирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп кетті

11 наурыз, 09:36
Вирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп кетті
Фото: vlast.kz

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, өткен тәулікте елімізде 752 адамнан коронавирус анықталған. Ал 9 наурызда республика бойынша вирус жұқтырғандар саны 693 болған.  

Нұр-Сұлтан, NEGE. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 94, Алматы қаласы – 197, Шымкент қаласы – 18, Ақмола облысы – 52, Ақтөбе облысы – 14, Алматы облысы – 45, Атырау облысы – 33, Шығыс Қазақстан облысы – 18, Жамбыл облысы – 17, Батыс Қазақстан облысы – 74, Қарағанды облысы – 62, Қостанай облысы – 50, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 4, Павлодар облысы – 53, Солтүстік Қазақстан облысы – 19, Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 220 770.

Сонымен қатар, Қазақстанда өткен тәулікте 662 адам коронавирустан айығып шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 126, Алматы қаласы – 77, Шымкент қаласы – 6, Ақмола облысы – 69, Ақтөбе облысы – 41, Алматы облысы – 18, Атырау облысы – 24, Шығыс Қазақстан облысы – 21, Жамбыл облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 43, Қарағанды облысы – 47, Қостанай облысы – 53, Қызылорда облысы – 10, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 67, Солтүстік Қазақстан облысы – 44, Түркістан облысы – 4.

Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны – 204 129.

Коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияға қатысты дерек төмендегідей:

«09.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 48 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 170 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 629, 650 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 358-ге жетті», – делінген хабарда.