USD
USD
USD

Вирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.

Вирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен коронавирусқа байланысты ахуал бойынша кезекті кеңес өткізді.

Әкімнің айтуынша, көрші елдерде науқастардың саны артып, өлім-жітім деңгейі өскен.

Алайда облыста қауіпті дертке шалдыққандар саны күн сайын азайып келеді.

«Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда вирус жұқтырған тұрғындар саны жүзден аз болды. Бұл індетке қарсы күресте бар күш-жігерін салып жатқан дәрігерлер мен жауапты мамандар жұмысының арқасы. Егер жағдай осы қалыптан таймай, ары қарай реттелсе, өңір «жасыл аймаққа» өтуі мүмкін», - деді ол.

Өз сөзінде Даниал Ахметов вакцинаның коронавирустан құтылудың жалғыз тиімді жолы екендігін еске салып, қала, аудандарда осы бағытта жұмысты күшейту керектігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов