22 Қараша 12:55

Вирус жұқтырған 214 науқастың жағдайы нашар

Фото:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырған 214 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 191 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 614 бала бар.

Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар.

Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Тегтер: