30 Сәуір 14:15

Вакциналау паспорты «Ashyq» қосымшасымен қашан біріктіріледі?

Фото:

Вакциналау паспортын «Ashyq» қосымшасымен біріктіру 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алматы, NEGE. «Халыққа иммунопрофилактика жасау үшін біз e-gov mobile «Вакцинация» сервисін, sms-хабарламаларды, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисіне вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланамыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, вакцинация паспорты мынадай деректерді қамтиды: адам қандай препараттарды, қай дозада, қай күндерде (3 тілде іске асырылды) алғаны жазылады. Сонымен қатар паспорт QR-кодтың көмегімен құжатты талап ету орны бойынша көрсету және қолжетімділікті ашу мүмкіндігін ұсынады.

«Вакцинациялау паспорты вакцинаның 2 компонентін алуына қарай беріледі. Қазіргі уақытта вакцинация паспортын біріктіру үшін IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинация паспортын «Ashyq» қосымшасымен біріктіру 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады», - деді А. Цой.

Тегтер: