USD
USD
USD

Вакцинадан кейін күн астында жүру қауіпті

Пульмонолог Сергей Пурясев жазда коронавирусқа қарсы вакцина алудың ережесін айтты. Дәрігер вакцинадан соң ұзақ уақыт күннің астында жүрмеуді ескертеді.

Вакцинадан кейін күн астында жүру қауіпті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маман күн сәулесінің тікелей түсуі тіпті сау адам үшін де қауіпті екенін атап өтті. Өйткені ол терінің бүкіл бетінде күйік пен қабыну тудырады. Яғни, гистамин көп мөлшерде бөлініп, күшті аллергиялық реакцияға әкеп соғады. Дәрігер аллергия кезінде вакцина алудың қажет емесін айтады.

"Бір ай көлемінде күннен аулақ болу керек. Антиденелер қалыптасып алғанша бірінші вакцинадан кейін үш апта, екінші вакцинадан соң екі аптадай сақтану керек. Егер адамдар теңізге, саяжайларға барғысы келсе, мүмкіндігінше алдын ала вакцина алып алғаны жөн", - деп кеңес берді Пурясев.

Бұған қоса, ол вакцина алған адамдарға жағажайда абай болуға кеңес береді. 

“Көшеде, әсіресе күндізгі уақытта аз жүру керек. Жағажайға таңғы 6-дан 11-ге дейін немесе кешке 5-6-дан кейін баруға болады. Гистаминдердің ағзаға улы әсерін азайту үшін антигистаминдік препараттарды да өзіңізбен бірге алып жүруіңіз маңызды”,- дейді дәрігер.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров

Астананың жылу, электр және су желілері 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға жаңартылмақ

Жөндеу жұмысы

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев