USD
USD
USD

«Вакцина салдырғандардың бәрі өледі» деп хабарлаған дәрігер емес болып шықты

WhatsApp мессенджерінде коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың жақында қайтыс болатыны туралы болжам жасалған хабарлама тарады. Хабарлама авторы Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы "Шапағат" клиникасының бас дәрігері Аманжол Адаев екенін айтқан, - деп хабарлайды Stopfake.

«Вакцина салдырғандардың бәрі өледі» деп хабарлаған дәрігер емес болып шықты
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Аудиожазбада 2021 жылдың күзінде COVID-19 вакцинасын алған адамдар жаппай өле бастайды делінген. Автор вакцинациядан бас тартуға және дәрігерлердің үндеуіне сенбеуге шақырады. Бұл ретте, ол өзін хирург, профессор, Қандағаш қаласы "Шапағат" клиникасының бас дәрігері Аманжол Шүңгүлұлы Адаевпын деп таныстыраған.

Шындығында профессордың вакцинацияның зияны туралы хабарламаға еш қатысы жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"Бұл аудиожазба шындыққа жанаспайды. Ақтөбе облысы Қандағаш қаласы Шапағат клиникасының бас дәрігері өзінің атынан вакцинациядан бас тартуға қатысты аудиожазба тарату дерегі бойынша құқық қорғау органдарына, сондай-ақ ар-намысы мен абыройын қорғау үшін сот инстанцияларына өтініш білдірді", – деді ведомстводағылар.

Дәрігердің өзі жауап ретінде дыбыстық хабарлама жазып, ешқашан вакцинацияға қарсы болмағанын, керісінше оны көптеген қауіпті аурудың алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі деп санайтынын айтқан. Сондай-ақ, Аманжол Адаев бастапқы хабарламада өз дауысынан өзгеше дауыс естілгенін айтты.

Портал мәліметіне сүйенсек, таратылып жүрген аудиохабарлама жалған. Автор өзін дәрігер ретінде таныстырып, бұрын жоққа шығарылған теорияларды таратқан.

Қазір оқып жатыр

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам