USD
USD
USD

Вакцина алғаннан кейін көз жұмғандардың саны белгілі болды

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін көз жұмғандардың саны белгілі болды.

Вакцина алғаннан кейін көз жұмғандардың саны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл 1 ақпаннан бастап тамыз айының соңына дейін вакцина алған соң қайтыс болғандардың саны - 482. Бұл - КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының 5 пайызы. Осы орайда жалпы аталған індеттен қайтыс болғандардың дені - вакцина алмаған жандар екенін еске салғым келеді. Вакцина алғаннан кейін мерт болған 482 адамның 23-і Corona Vac салдырған, 371-і «Спутник V» вакцинасын қабылдаған, тағы 75 адам Vero Cell еккен және 13 адам отандық QazVac-ты алған», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ведомство басшысы елдегі эпиджағдайдың жақсарғанын жеткізген еді.

«Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», - деп еді министр.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу