12 Маусым 15:41

Вакцина алған үш мемлекеттің азаматтарына Қазақстанға кіруге рұқсат етілді

Фото:

Бүгіннен бастап Мажарстан, Таиланд мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE.Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында Мажарстан, Таиланд және Моңғолия азаматтарының қолындағы вакциналау туралы паспорттың, сертификаттың, анықтаманың күші бар деп танылсын», делінген сенбіде жарияланған қаулыда.

Осылайша, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтағы департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан шекарасына кірген Мажарстан, Таиланд мен Моңғолия азаматтарын еш кедергісіз өткізеді. Алайда аталған мемлекеттерден келген азаматтардың қолында тиісті құжаты болуы керек.

Тегтер: