Үздік мұғалімдерге 2 млн 700 мың теңге көлемінде сыйақы берілді
04 қазан, 18:57

Павлодарлық үздік мұғалімдерге 2 млн 700 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Алматы, NEGE. Ертіс өңірінің мұғалімдеріне жаңа марапаттар үлестірілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Кәсіби мереке қарсаңында бір топ үздік педагог сый-құрметке ие болды. «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі 15 ұстаздың кеудесінде жарқырады. Мәртебелі марапат иегерлеріне 2 млн 700 мың теңге көлеміндегі сыйақы да тарту етілді.
Айта кетейік, осындай наградаға Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы 35 ұстаз ие болмақ. Басты мақсат – ұстаздарды қошеметтеумен қатар, олардың тәжірибе алмасуына сеп болу.