Үсік жүреді: Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

13 қыркүйек, 15:19
Үсік жүреді: Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды
Фото: ғаламтордан

Қазақстанда 3 градусқа дейін үсік жүреді. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE.  Республиканың солтүстік аймақтарында, әлі де салқын ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронталь бөлімдер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанған.

«Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 3-15 градус, күндіз 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді, 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді, күндіз 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады», — делінген хабарламада.