9 Қаңтар 11:27

Үштаған ауылына ұялы телефон байланысы мен ғаламтор желісі келді

Фото:

Құрманғазы ауданындағы Үштаған​ ауылында ұялы телефон байланысы, ғаламтор желісі іске қосылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда ауылға қосылған актив ұялы байланыс желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Десе де, үштағандық оқушылардың мектепте штаттық режимде оқып жатқанын атап өтуіміз керек.

«Үштағанда оқушылар 11 сыныпқа дейін оқиды. Мұндағы оқушылар саны 180-ге толмайтын болғандықтан, шағын комплектілі мектепке жатады. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері оқушылар мектепте офлайн форматта білім алуда» дейді Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы.

Еске сала кетелік, Үштаған ауылы Құрманғазы ауданындағы Асан ауылдық округінің құрамына кіреді.
Ауылдағы халық саны 711 адамды құрайды.

Тегтер: