3 Маусым 13:42

Үш айда 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото:

 Биыл Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы алқаптарын бақылаудың пилоттық жобасы іске қосылды.

Алматы, NEGE. Нәтижесінде жалпы ауданы 7,3 млн га болатын 9 мыңнан астам пайдаланылмаған жайылымдық жер анықталды. Атап айтқанда, Ақмола облысында – ауданы 1,6 млн га жерді құрайтын 3182 учаске, ШҚО-да – 2 374 жер учаскесі (1,3 млн га), Қостанай облысында - 3 330 жер учаскесі (1,9 млн га), Маңғыстау облысында - 175 жер учаскесі (2,5 млн га). «2020 жылдың үш айының қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 2 млн гектардан астам жер телімі қайтарылды», – деді тұрғындармен кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров.   

Тегтер: