14 Мамыр 16:31

Ұрланған баланы іздегендер «бұзақылық жасады» деп айыпталып, үш жылға сотталып кетті

Фото:

24 шілдеде Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жаппай "бұзақылыққа" қатысқандарға байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сәтбаев, NEGE. Бұл іс Қарағанды қаласындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралған болатын. Айып тағылған 55 күдіктінің арасында 6 әйел адам бар. Оның ішінде он адам ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп, үй қамақта отырған. Қалғандары тоғыз айдан бері қамауда. Олардың барлығына Қылмыстық кодекстің «Жаппай тәртіпсіздік» және «Билік өкілдеріне қысым көрсету» бабы бойынша айып тағылған.

Айыптаушылардың барлығы сол түні жоғалған қыз баланы іздеуге шыққандарын, бұзақылыққа қатысуға ниеттерінің болмағанын айтқан. Күдіктілер ішінде Сәтбаев қаласы тұрғындарымен қоса студенттер мен волонтерлер де бар. Күдіктілер кінәларын мойындауға қатысты процессуалдық келісімге қол қойған, яғни олардың кейбірі қылмысын толық мойындаса, енді бірі жартылай мойындаған. Сот үкімімен бұзақылық жасаған 9 айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айрылды. 44 адамға 4 жыл шартты түрде жаза кесілді. Сондай-ақ тағы екі күдіктіге бір жарым жыл шартты жаза берілді.

Еске сала кетсек, былтырғы жылы 23 шілдеде Сәтбаев тұрғыны кішкентай бүлдіршінді ұрлап әкетіп зорлық көрсеткен соң, топтасқан бірнеше адам түнде жаппай бұзақылық жасаған. Бұзақылар түнде полицияның және жергілікті тұрғындардың көлігін қиратып, жағып жіберген. Полиция қызметкерлерінің арасында соққыға жығылғандары да бар. Ал балаға зорлық көрсетті деп айыпталған ер адам бірнеше ай өткен соң, түрмеде өзіне қол жұмсаған. Бала ұрлауға және зорлыққа қатысы бар деген басқа екі күдіктіге қатысты сот өтіп жатыр.

Тегтер: