2 Мамыр 12:57

ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Фото:

Биыл мерекеге орай елімізде соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік телеарнаға берген онлайн сұхбат кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Сөз арасында Президент тақауда қабылданған «Ардагерлер» туралы жаңа заң жобасының маңызын түсіндірді. Бұл заң мемлекет тарапынан майдангерлерге көрсетілетін көмекті реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жаңа заң бойынша мемлекет тарапынан тек соғыс ардагерлеріне ғана емес, тың игеруге атсалысқандарға да тиісті көмек көрсетіледі. Әлемде бейбітшілікті сақтауға үлес қосқан қазақстандық ардагерлер де назардан тыс қалмайды. Ауған соғысына қатысқан, Чернобыль апатынан зардап шеккендер мен түрлі елдерге бітімгерлік миссия атқаруға аттанғандарға мемлекет қамқорлық көрсетеді" деді.

Тегтер: