Үміткердің сенімді өкілдері экспромт-кездесу өткізді
«» базарында экспромт-кездесуді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тілек Ишбұлатұлы Шектебаевтың сенімді өкілдері өткізді. Сайлау бағдарламасы бар материалдар сауда орталығына келушілер мен сатушыларға үлестірілді.
Партия мүшелерінің айтуынша, олар жаңаша серпін сыйламақ. Кандидаттың сенімді өкілі Ермек Алмаханов өз сөзінде, шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу резервінің бірі екенін айтты. 5 жыл ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің саны 11,5% -ға, ШОБ шығаратын өнім 1,5 есеге өсті. Алайда коронавирустық пандемия және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың ең көп зардап шеккен салаларына - бөлшек және көтерме сауда, көлік және қойма, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, туризм, қоғамдық тамақтану жатады. Бұл аймақ экономикасының 26%-на тең. Партия өңірдегі іскерлік белсенділікті жаңғыртуға, мемлекеттік қолдау мен «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастықтың құралдарын пайдалана отырып, ШОБ-тың жаңа кәсіпорындарын құруға көмектеседі.
«Бизнестің жол картасы - 2025» шеңберінде жыл сайын 150-ге жуық жобаны субсидиялау, кепілдендіру бойынша жылына 40 жоба, кем дегенде 30 грант беру қарастырылған.
Мұхамедьяров Арман - облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Шектебаев Тілек Ишболатұлының сенімді адамы, «Ақсайгазсервис» АҚ компаниясының президенті. Дауыс берушілерді Тілек Ишбулатұлының өмірбаянымен таныстыра отырып, ол үміткердің осы жылдар ішінде қоғамдық жұмыстарды кең көлемде жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Ол 2012 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бесінші шақырылымының депутаты болып сайланды. Ал 2017 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты болып сайланды.
Оның қызметі жергілікті тұрғындарды жан-жақты қолдау мен назар аударуға негізделген стратегияға бағытталған. Бұл жерлестердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, мәселелерін шешуге, Бөрлі ауданының тұрғындарына жан-жақты көмектесу ниетін білдіреді.
Арман Мұхамедияровтың айтуынша, нұротандықтардың тағы бір басымдығы - тұрғын үй жағдайын жақсарту. БҚО бойынша жыл сайын шамамен 480 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін «Nur Otan» партиясы аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, көп пәтерлі тұрғын үй мен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын дамытуға ұмтылатын болады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету 2025 жылға қарай 24,5 шаршы метрге дейін ұлғаяды. Кездесу соңында, үміткер Тілек Шектебаевтың сенімді өкілдері барлығын сайлауға қатысуға және «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.