21 Желтоқсан 18:21

 «Үміт бесігі» атты әлеуметтік жоба басталды

Фото:

Соңғы уақытта балаларын ажал құшағына қалдырып жатқан жантүршігерлік жағдай көп. Неге елімізде мұндай оқиғалар көбейіп кетті? 

Алматы, NEGE. Осы көкейкесті мәселелердің шешімін табу үшін «Alem Asar» Әйелдер творчествалық бастамасы Лигасы, «Aspan Space» Бастамалық тобы Қайырымдылық қоры «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. 

«Үміт бесігі» — ананың өз баласын өлтіруі мен өмірін қауіпке төндіру сияқты аса ауыр қылмыстың алдын алу.

«Үміт бесігі» әлеуметтік жобасы туғанынан ата-анасы бас тарқан сәбидің өмірін құтқаруға бағытталған, заман талабына сай туындаған шешім.

«Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының авторлары тастанды сәбилерді балаларға арналған медициналық мекемелер жанына ашу қажеттілігін, сәби өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезден бастап дер кезінде медициналық көмек көрсетілуі қажеттілігін, ары қарай мемлекеттік органдар қамқорлығына берілуі керектігін ескерген. Сондықтан «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасының ең алғашқы пункті Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында ашылды.

«Бізге ең маңыздысы – осы өзекті мәселеге қоғам назарын аудару. Әрбір құтқарылған сәби өмірі – біз үшін жеңіс, еңбегіміздің жемісі. Егер «Үміт бесігіне» сәби қалдырылмаса – ол біз үшін қуаныш, алдын алу шараларының жүзеге асырылғандығы», – дейді ұйымдастырушылар

Тегтер: