USD
USD
USD

Ұлттық қорға қаржы түсті

Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша республикалық бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылған. Бұл туралы Парламент Сенатының отырысында Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева мәлім етті. 

Ұлттық қорға қаржы түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық қорға жалпы 4,5 трлн теңге түсті. 2019 жылдың аяғына қарай қордың активтері 27,5 трлн теңгеге теңесті. Бюджеттің басымдыққа ие бағыттарын Ұлттық қордың трансферттері есебінен қаржыландыру қалыпты жағдайға айналып кетті. Осыған байланысты қордың жинақтық қызметін заңнамалық тұрғыда күшейту көзделіп отыр», – деді қаржы вице-министрі.

Оның айтуына қарағанда депутаттардың ұсынысымен квазимемлекеттік сектордағы субъекттердің дивиденттік саясаты өзгерген.

Биылдан бастап квазимемлекеттік сектордың субъекттері 2019 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 100 пайыздық дивидентті қамтамасыз етеді.

«Бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту үшін квазимемлекеттік субъекттердің есебіндегі пайдаланылмай қалған қаражатты бюджетке қайтару бойынша жұмыс басталып кетті. 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджетке 8,6 млрд теңге қайтарылды», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция