5 Желтоқсан 09:06

Ұлттық банк демалыстағы доллардың ресми бағамын атады

Фото:

Қазақстан Ұлттық банкі 5-7 желтоқсандағы доллардың ресми бағамын атады.

Алматы, NEGE. Сенбі, жексенбі және дүйсенбіде америкалық валютаның бағамы 420,79 теңге болады. Бұл ретте жұма күнгі бағам 422,87 екенін айтқан жөн.

Биржадағы таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 420,59 теңге. Бір күнде ол 2,42 теңгеге арзандады.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық доллар орташа 422,71 теңгеге сатылып, 421,13 теңгеге сатып алынып жатыр.

Ал Нұр-Сұлтанда сату бағасы орта есеппен - 422,42 теңге, сатып алу - 421,33 теңгеден.

Тегтер: