6 Ақпан 11:34

Ұлттық арна кастинг жариялады

Фото:

«QAZAQSTAN» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялады. 

Алматы, NEGE. Кастингке арнайы актерлік білімі бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа отыра алатын ер-азаматтар қатыса алады.

«Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінім қабылданған болатын. Бүгіннен бастап телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды» делінген корпорация хабарламасында.

Үміткер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін [email protected] поштасына жолдай алады. 

Тегтер: