19 Ақпан 13:56

«Қызыл сызықтың» үстіне үй салынғандар қайтпек? 

Фото:

Алматы қаласының іргесіндегі елді мекендерде шешімін таппаған мәселе көп. Соның бірі – заңсыз жер теліміне ие болып, баспана салғандардың жанайқайы. 

Алматы, NEGE. Соның салдарынан кейбір тұрғындардың үйі «қызыл сызықтың» үстін салынған. Қала тұрғыны Дәурен Рахметов: «Бұрын біз облысқа қарайтынбыз. Ол кезде «қызыл сызықпен» мәселе болған жоқ. Қалаға қосылғаннан кейін заңсыз жерге үй салынғанын біліп, құжат жасата алмай келеміз», – деді. 

Қала әкімі мұндай тұрғындардың мәселесі шешілетінін жеткізді.

«Бұл жайт тек Алатауда ғана емес, өзге де аудандарда көп екенін мойындап отыр. Қалада жалпы саны 500-ден астам жер үйдің ауласы «қызыл сызықтың» үстіне шығып кеткен. Негізі «қызыл сызықтың» үстімен көше өтуі керек. Бірақ үйлер салынып кеткен. Егер қазір құжаттарыңызды заңдастырып берсек, көше құрылысына қажетті жерді қайта сатып алуымыз керек болады. Сондықтан қазір мамандар сіздерге құжаттарыңызды бермей отыр. Ертең «қызыл сызықтың» бойындағы жерлерді қайта аламыз десек, үлкен шу болады. Сондықтан бұл мәселені оң шешуге тырысамыз», – деді Б.Сағынтаев.

Тегтер: