7 Ақпан 18:20

ҰБТ: Тәртіп бұзған талапкерге қандай жаза қолданылады?

Фото:

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ҰБТ-дан қандай талапкерлердің шеттетілетінін түсіндірді.

Алматы,NEGE. Мұндай жаза емтиханға смартфон кіргізгенде қолданылады. 

«ҰБТ-ға смартфонмен келсе, бұл өз кезегінде адамдар оны пайдалануға ниетті екенін білдіреді. Өйткені баршасы ҰБТ ережесін жақсы біледі, тестілеуге смартфонмен, смарт сағаттармен кіруге болмайтыны ескертіледі. Сәйкесінше, ол тест қабылдайтын орынға құрылғымен кірсе, онда ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады», - деді вице-министр.

Орнына адам кіргізіп, заңсыз әрекет жасағандарға да тиісті жаза қарастырылатыны белгілі болды.

«Егер тестілеуге өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, бұл жағдайда аталған адам бір жылға емтихан тапсыра алмайды. Бұл ретте осындай адамдар тұтас бір жылын жоғалтады. Мұндай шаралар талапкерлер арасында заңсыз әрекеттердің жолын кеседі деп ойлаймын», - деді Мирас Дәуленов.

Тегтер: