USD
USD
USD

ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды

 Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бейнежазбаларын тексеріп, 97 баланың грантын қайтарып алды.

ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Конституция күніне 97 балаға жақсы жаңалық! ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ Ұлттық тестілеу орталығының парақшасында жариялаймыз», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов. Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің де қылмыстық әрекетке байланысы анықталған. «Қараңыздаршы, қандай «батырлықпен» сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр? Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, қатаң жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз. Алға, әділ Қазақстан!», – деп жазды ҰТО басшысы.  

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы