4 Ақпан 12:23

Судьяның пара алу сәтіндегі видеосы шықты

Фото:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. NEGE.KZ редакциясы кеше хабарлап, оқиғаның мән-жайы жайлы кеңірек жазған болатын. 

«Атап айтқанда, Ә. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдары арқылы дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)», – делінген ҰҚК хабарламасында. 

ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырады. 

Тегтер: