24 Маусым 10:53

Түркістан облысында жасөспірімдер пышақтасқан

Фото:

Соның салдарынан бір бала жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілердің айтуына қарағанда, жарақат алған бала жайлы жеткізілген ауруханадан хабарлама түскен.

Алматы, NEGE. "Тергеушілер Кентауға қарасты ауылдардың бірінде 22 маусымда екі жасөспірімнің арасында төбелес болғанын анықтады. Сол кезде біреуі пышақпен жарақаттаған. Салдарынан кәмелет жасына толмаған бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Бұдан басқа төбелескен балалар болған жағдайды жасыруға тырысқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 24-99-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: