Түркістан облысында үш қарақшы ұсталды

12 наурыз, 10:55
Түркістан облысында үш қарақшы ұсталды
Фото: news.myseldon.com

Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған үш күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ ресми сайтына сілтеме жасай отырып ҚазТАГ хабарлады.

Алматы. NEGE. «Полиция қызметкерлері Самара-Ташкент тасжолында орналасқан жанармай бекетіне шабуыл жасаған қылмыскерлерді ұстады. Олар ақша керек болған соң, осындай қадамға барғандарын мойындаған. Тартып алған ұялы телефонды ломбардқа өткізіп, ақшаны жұмсап жіберген. Телефон айғақ ретінде тәркіленіп, иесіне қайтарылды», – делінген хабарламада.

Олар түн жарымында жанармай бекетіне келіп, операторды ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, телефоны мен 10 мың теңгесін тартып алған. Қылмыскерлер мініп келген көлікте бір қыз отырған көрінеді.