31 Мамыр 12:39

Түркістан облысында биыл 917 шақырым жол жөнделеді

Фото:

 Түркістан облысында жыл соңына дейін 917 шақырым жол жөнделеді. Оған жергілікті бюджеттен 42 млрд теңге бөлінді.

Алматы, NEGE. Кентау қаласында алты шақырымнан асатын тоғыз көше жаңа кейіпке енеді. Шам бағаналарын орнату, тротуарлар төсеу жұмыстары да қатар қолға алынған. Өткен жылы облыс жолдарын қалыпқа келтіруге шамамен 50 млрд теңге жұмсалған. Сөйтіп,1200 шақырым болатын теп-тегіс жол игілікке берілген. Жол жөндеу жұмыстары жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да септігін тигізді.

Тегтер: