Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

14 қаңтар, 10:58
Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды
Фото: google.com

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды.

Алматы, NEGE. Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауының аймағында бәйшешек бүр жарды. Бұл туралы ақпаратты «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы КММ Боралдай филиалының қызметкері Бақытжан Қырықбай есімді тұрғын әлеуметтік желіге жариялады. Суреттерін орналастырып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Ал, пікір білдіруші оқырмандар бұл жаңалықты жақсылыққа балап отыр. Мәселен, Абай Жүндібаев есімді азамат, «Еліміз жаңа дәуірді бастағалы тұр. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды деген аңыздар енді келгелі тұр» - деп жазды.