Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысы: 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді

  Жаңа оқу жылының басынан 20 қыркүйекке дейін Түркістан облысында 38 мұғалім мен 148 оқушы коронавирус инфекциясымен ауырды.

Түркістан облысы: 2 мыңнан астам оқушы карантинге жіберілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, өңірде 71 оқушы сабаққа офлайн форматта қатысып келген, қалған 77 оқушы оқу жылы басталғанға дейін жұқтырған. «​​​​​​​​​​​Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен байланыста болған 2 176 оқушы, яғни 92 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқыту онлайн-форматқа ауыстырылды», делінген хабарламада. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің №36 қаулысына сәйкес сыныпта COVID-19 ауруы тіркелген жағдайда сынып 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауланады. «Облыстың 934 білім беру ұйымдарында 100 пайыз Ashyq бағдарламасы енгізілген. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары COVID-19 -дың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда. ​​​​​​​​​​​​Жаңа оқу жылы қарсаңында Zoom платформасы арқылы мектеп директорлары мен оқу орындарының медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі семинарлар өткізілді» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы