20 Желтоқсан 14:23

Түркістан әкімі 5 жасар балаға «қаланы өркендеткені үшін» алғыс хат берген

Фото:

Түркістандық даярлық тобының оқушысы қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің атынан Тәуелсіздік мерекесіне орай Алғыс хат алған. 

Алматы, NEGE.  Бұл марапат 5 жасар балаға «саналы ғұмырында Түркістан қаласының өркендеуіне, экономикасының дамуына және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін» берілген. Ол туралы ақпаратты Мәдина Жұбаныс есімді желі қолданушы өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялады.

Айтуынша, қаладағы №27 мектептің даярлық топ мұғалімі оқушысына әкімдік атынан осы марапатты табыс еткен көрінеді.

Ал Түркістан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гауһар Қабылбекова бұл ақпараттың нақтылығын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

«Бізге нақты 5 жасар балалардың тізімін алып келіп, ешкім Алғыс хат сұрамаған. Бұны кім, қалай кіргізгенін анықтап жатырмыз. Қазір анықталғаны, тізімде ондай баланың аты-жөні мүлдем жоқ. Марапаттау жұмыстарымен айналысатын бөлімде қызметтік тексеру жүріп жатыр. Дүйсенбі күні мектепке де барып тексереміз. Ал әзірге нақты ешнәрсе айта алмаймын», - деді Гауһар Қабылбекова.

Тегтер: