11 Маусым 15:10

Тұрғымбаев: ІІМ халықпен қарым-қатынас әдістерін өзгертеді

Фото:

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы халық арасында жағымсыз пікірлер қалыптасқан. Олар халыққа көмектеспейді дейді. Қазіргі таңда полиция иммиджін қалыптастыру үшін қандай шаралар қолданылып жатыр? 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі барысында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру, олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, заңға өзгертулер енгізілуде. 

«Қазір ауылдарда учаскелік инспекторлар жетіспейді. Кей жерде 3-4 ауылға бір қызметкер жауапты. Осыған байланысты, ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдамен бірге, учаскелік пункттер салу жоспарлануда. Өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде – учаскелік пунктер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады», - деді министр. 

Сонымен қатар, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылдың соңында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысатынын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары кроссовкалар мен берцтерді киюі мүмкін.

«Министр лауазымына тағайындалған кезде алдымен стратегияны өзгертетінімізді айттым. Екіншіден, білім деңгейі - полицейдің мәртебесін және халық алдындағы жауапкершілігін арттыру. Үшінші кезекте тек арнайы киімге көшеміз. Жыл соңында көшеде тікелей қызмет ететін патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторларды киіндіреміз. Форма қазірдің өзінде тексеріліп үлгерді, ол өте ыңғайлы. Көшеде қызмет ету үшін жаңа элемент - кроссовка, берц түріндегі аяқ киім енгізіледі, бұл полицейлер үшін қажет, себебі олар – жаяу патрульдер, халықпен тікелей жұмыс істейтін жедел қызметкерлер. Көшеде жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы форма болуы тиіс», - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, ІІМ басшысының айтуынша, патрульдік полицияның жаңа формасында түнгі уақытта оларды алыстан көруге мүмкіндік беретін шағылысатын элементтер қарастырылған.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде, орынды тексеру кезінде олар қауіпті учаскеде болғандықтан, киім элементтерін көрсететін таспалар алыстан көрінеді, бұл жүргізушілер үшін ескерту болады», - деді министр.

Ол екі жыл ішінде бүкіл қазақстандық полицияның киімдерін ауыстыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Тегтер: