USD
USD
USD

Түнгі клубтардың ашылуына рұқсат берілмек

Қазақстанда түнгі клубтар Ashyq жүйесінде «жасыл» мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін болады.

Түнгі клубтардың ашылуына рұқсат берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шешім коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша олар түнгі клубтардың болуына шектеулер қоймақ:

– «жасыл» аймақта – 100 адамнан аспауы тиіс;

– «сары» аймақта – 70 адамнан аспауы тиіс;

– «қызыл» аймақта – 50 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

«Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы - жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс жасай алады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз», – деді «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер