28 Қараша 10:13

«Түйелер» панносы қалпына келтіріліп жатыр

Фото:

Алматыда 1982 жылы қойылған «Түйелер» сәндік бедерлі панносы қалпына келтіріліп жатыр, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.  

Мүсіндік туындының авторы Павел Шорохов Алматы әкімінің өтінішіне жауап ретінде уақыт өте бүлінген және вандалдардың қолынан зардап шеккен композицияны бастапқы қалпына келтіруді қолға алған.

«1982 жылы жасалған панно Достық саябағында тұр. Бүгінде ол алматылықтардың сүйікті архитектуралық бейнелерінің бірі», – деп атап өтті әкім.

Тегтер: