30 Сәуір 12:10

Цой қашан төтенше жағдай орнатылуы мүмкін екенін айтты

Фото:

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде қатаң карантин енгізу қарастырылмайтынын атап өтті.

Алматы, NEGE.  "Қазіргі таңда үкімет елде қатаң төтенше жағдай орнату туралы қарастырып жатқан жоқ. Бірақ ТЖ режимі мемлекет басшысының бұйрығымен енгізіледі. Шешімді мемлекеттік комиссия шығарады. Локдаун енгізудің басты себебі - мемлекеттегі эпидемиологиялық ахуалдың өршіп кетуі мен ауруханалардағы төсек-орынның 70%-ға толып, денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсуі. Міне, осы кезде қатаң карантин орнатылады", - деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі сауда орталықтарында жүргізіліп жатқан вакцинациялау үрдісі жайлы пікір білдірген еді. 

Тегтер: