USD
USD
USD

Цой: Елде эпидахуал жақсарды

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бүгінгі эпиджағдай туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

Цой: Елде эпидахуал жақсарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», - деді А.

Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, министр елімізде салтанатты іс-шара өткізуге рұқсат беруге қатысты өз пікірін білдірді.

«Эпидахуал және дағдарыс кезінде бизнесті қолдау, олардың қауіпсіздігін қамту маңызды. Той-думан өткізуге рұқсат берілгенімен, оның нақты талабы барын ұмытпаған жөн. Ол талаптардың сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қадағалайтын болады. Осы орайда бизнес өкілдерін карантин талаптарын жұмсартуымызға түсіністік танытып, жұмыс барысында ортақ ережені қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

.

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Жол белгісі

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

сот

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті