23 Қаңтар 17:24

Төрт облыста полицейлер ұсталды

Фото:
Еліміздің бірнеше аймағында полиция қызметкерлерінің

пара алу фактілері анықталды.  

Ішкі істер министрлігінің жеке қауіпсіздігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ел аймағындағы полиция қызметкерлері пара алу фактілерін анықтады. Батыс Қазақстан облысында Полиция департаменті, потрульдік  полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандарын анықтап тергеуді бастап кетті.

 Жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін заң бойынша жауапқа тартпағаны үшін взвод командирі күдікке ілініп, Орал қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін полиция лейтенанты күдікке ілінді.

Талдықорған қаласы Полиция басқармасының аға тергеушісі, қылмыстық істі тоқтатуға шешім қабылдап, пара берушіден 50 мың теңге алуына қатыстылығы тексеріліп жатыр. Маңғыстау облысында пробациялық бақылаудағы тұлғадан  қамқорлық пен қоғамдық жұмысқа тартпай, 60 мың теңге пара алды деген күдіпен, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі комитеті департаментінің Мұнайлы ауданы пробация қызметінің  бөлім басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Заңды белшеден басқандарға қатысты соңғы шешімді кінәсінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.

 

Тегтер: