USD
USD
USD

Томирис Байсафаның өлімі: күдікті сот залынан босатылды

Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуірінде түсініксіз жағдайда төртінші қабаттың терезесінен құлап, кейін ауруханада қайтыс болды.

Томирис Байсафаның өлімі: күдікті сот залынан босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мәскеудегі Никулинск сотының қазылар алқасы Дагестан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлын Томирис Байсафа ісі бойынша ақтап шықты. Муртузали Маджидов сот залынан босатылды, деп хабарлайды Mash Telegram каналы.

Төртінші курс студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуір айында ММХКИ оқу корпусының төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен болатын. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол 3 мамырда көз жұмды.

Томиристің туыстары оның өлімі кездейсоқ трагедия емес деп есептейтінін мәлімдеді. Өйткені тергеудің бірінші кезеңінде төтенше жағдай болған сәтте бөлмеде оның курстасы болғаны анықталған. Тергеу екі жыл бойы бұл оқыс оқиға емес, адам өлтіру фактісі болғанына дәлел жинақтады.

Бұған дейін қыздың анасы жаңа тергеуші тергеу шаралары толық көлемде жүргізілмегендіктен, «уақыты өтіп кетті» деп есептейтінін айтқан болатын. Ол қажетті материалдар алынбағанын, тиісті сараптамалар жасалмағанын айтты. Жанна Ахметова мұны тергеушілер әдейі істегенін мәлімдеген еді.

Өткен жылдың қазан айында қыздың анасы Тоқаевпен кездесті. Президент бұл оқиғаны жеке бақылауына алған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

forte

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

QR-код

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Тедрос Аданом Гебрейесус