7 Мамыр 10:58

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

Фото:

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысуы туралы сұраққа жауап берді.

Алматы, NEGE. Ол Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтыны туралы сауалдар келіп жатқанын айтып, сұраққа жауап берді.

"Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған", - деді Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Тегтер: