2 Шілде 16:07

Тоғжанов: Тығылып той тойлап жүргендер де жоқ емес

Фото:

 Қазіргі уақытта той тойлаудың салдарынан кемінде 20 адам коронавирус жұқтырып алады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде айтты.

Алматы, NEGE. «Вирустың ел ішіне кең таралуының екінші бір негізгі себебі бар деп айтуға болады. Бұл – адамдардың ескертуге құлақ аспаған немқұрайлылығы болып отыр десем артық айтқандық емес. Әлем бойынша бұл індетті 10 млн-нан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар да жоқ емес. Мысалға келтірсек, тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты шаралар толып жатыр. Оған азаматтардың өздері де куә. Осындай әрбір іс-шараның соңында 20-дан астам адам ауруханаға түсіп жатыр», - деді Е.Тоғжанов.

Мемлекет басшысы айтқандай, қазір той тойлайтын емес, ой ойлайтын кезең екенін айтып өтті. «Біз – бір халықпыз. Олай болса, жауапкершілігіміз де бір. Мұндай жағдайдан шығу үшін ең қажеті – бәріміздің жауапкершілігіміз», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Тегтер: