8 Желтоқсан 16:07

«Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясы іске қосылды

Фото:

«Charity Wish Tree» Қоғамдық Қоры 3 желтоқсанда Қазақстанның 4 қаласында «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясын іске қосты.

Алматы, NEGE. 2014 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан акция аясында қазақстандықтар тұрмысы төмен балалардың тілектерін орындай алады.

Акцияның миссиясы мен басты мақсаты – мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау, жаңа жыл қарсаңында адамдарға бір тамшы сиқыр сыйлау және қарапайым азаматтарға нағыз батыр болуға көмектесу.

Қайырымдылық акциясына көпбалалы, аз қамтылған, патронат отбасылар, бір ғана  ата-анасы бар отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатысып жатыр. Акция 16 жасқа дейінгі балаларды қамтиды, ал даму ерекшеліктері бар балалар үшін жас шектеулері жоқ. Жоба Қазақстанның төрт қаласы –    Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент және Қарағандыда іске асырылады.

Балалардың қалауы әртүрлі – бұл тек машина, қуыршақ немесе басқа заттар да емес. Тілек арманмен байланысты болуы да мүмүкін. Мысалы, Виктория есімді балалар үйінің тәрбиеленушісі стюардесса болуды армандады, бұл туралы бізге жазып, кейін оның тілегі орындалды – өткен жылы ол формасын киіп, нағыз бортсеріктердің қамқорлығымен осы мамандықтың ішкі асханасын көре алды. Балаларға мереке сыйлағысы келетін кез-келген адам өзі орындай алатын және жағымды эмоциялар тудыратын тілекті таңдай алады», – дейді жобаның негізін қалаушы Диана Камаладин.

Жобаға қатысушылар аз қамтылған, ерекше балалары бар отбасылары, «Мен сенімен біргемін» хосписі, SOS балалар ауылы балаларының армандарын орындай алады:

«Қазір біз балалардың материалдық емес тілектеріне назар аударамыз, біз баланың арманын орындағымыз келеді, осылайша позитивтік эмоциялар балалардың дамуына ықпал етеді. Биылғы жылы бізде көптеген осындай тілектер бар: аквапаркке саяхат, тауға, БАО-ға саяхат», – дейді Диана.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, көп ұзамай жоба өз қосымшасын іске қосады, бұл жобаны онлайн режимінде тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл одан да көп адамдар «сиқырға жақындай алады» дегенді білдіреді. Алматыдағы акция «Мега Алма-Ата» орталығында басталды. Тілектер жазылған хаттарды ағаштан 3 желтоқсаннан бастап 12 желтоқсанға дейін «жұлып» алуға болады.

Тегтер: