Теннис: Жібек Құламбаева чемпион атанды

24 қазан, 17:23
Теннис: Жібек Құламбаева чемпион атанды
Фото: google.com
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионаты атанды. Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ж.Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Ж.Құламбаеваның өзінің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы.

Қарағандыда жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік шықты. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірді.