23 Желтоқсан 18:32

«Теңізшевройл» ЖШС жаңа бас директор тағайындалды

Фото:

Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС компания басшылығында өзгерістер болды.

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Кевин Лайон ТШО-ның бас директоры болмақ. Кевин бұл лауазымда 2018 жылдан бастап бас директор қызметін атқарған және оған дейінТШО-да өндіріс жөніндегі бас менеджер болып жұмыс істеген Имер Боннерді алмастырады.

«Шеврон» компаниясындағы 32 жылдық мансабында Кевин Лайон Америка Құрама Штаттарында, Нигерияда, Филиппинде, Индонезияда, Нидерландыда және Бангладеште көптеген инженерлік және басқарушылық лауазымдарды атқарды.

«Мен Қазақстан Республикасының және ТШО компаниясының барлық қатысушыларының игілігі үшін кәсіпорындыбасқару мүмкіндігін тағатсыздана күтудемін. ТШО –  өте мықты серіктестіктің үлгісі, сондықтан осы бірлескен кәсіпорынның алдағы жетістігіне үлес қосу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын», – деді Кевин Лайон.

2018 жылдан бастап Кевин Индонезияның Джакарта қаласында «Шеврон» компаниясының Үнді-Азиялық бизнес-бөлімшесінің басқарушы директоры қызметін атқарды. Бұл лауазымда Кевин Филиппин мен Индонезиядағы «Шеврон» активтеріндегі өндіру операцияларына, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мұнай қабатына буды айдау әдісімен және суландыруды қолданумен кен орнын пайдалану бойынша ірі жобаға жауап берді.

Бұл рөлде Кевин 3800-ден астам тікелей қызметкерлері бар және жалпы саны 30 000-нан асатын ұйымды басқарды.

Кевинді ТШО-ның бас директоры қызметіне тағайындау оның дәлелденген басқару тәжірибесіне және мұнай өндіру саласындағы тиісті халықаралық тәжірибесіне негізделген.

Имер Боннер «Шеврон» техникалық орталығының президенті және Сан-Рамондағы (Калифорния штаты) «Шеврон» корпорациясының технологиялар жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.

Имер өзінің ТШО бас директоры лауазымында кәсіпорындыбизнестің жоғары көрсеткіштерін және Келешек кеңею жобасын – Ұнғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) ілгерілетуді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан үкіметіндегі мүдделі тараптармен, серіктес компаниялармен және ТШО жұмыс істейтін қоғамдастықтарда жоғарықарым-қатынасты сақтай отырып басқарды.

«Менің Қазақстандағы жұмысым маған және менің отбасыма үлкен оң әсер етті. ТШО-ны оның өсіп келе жатқан кезеңінде басқарып, осы компанияның бай тарихының бір бөлігі болу мен үшін үлкен мәртебе болды» – деді Имер.

Тегтер: