USD
USD
USD

Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды

Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі «Tengri Bank» акционерлік қоғамының басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады.

Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, агенттік «Tengri Bank» АҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлына (1977 жылы туған) және банкке бағынышты компанияларының бірінің басшысы болған Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына (1991 жылы туған) іздеу жариялады.

Аталған адамдарға халықаралық іздеу жарияланған. Ұсталған жағдайда олар бірден тұтқындалады. Агенттік осы кісілер жайлы бірдеңе білген азаматтарға 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек былтыр Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі лицензиясынан айырған болатын. Сонымен қатар Tengri Bank салымшыларына 10,7 млрд теңге төленді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский