13 Желтоқсан 18:49

Теміртауда жол апатынан 6 жасар бала мен ер адам қаза тапты

Фото:
Теміртау қаласында көктайғақ салдарынан екі жеңіл көлік соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан 6 жасар бала мен 66 жастағы ер адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

.

Алматы. NEGE. 11 желтоқсанда Теміртау қаласында «Форд» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Восточная көшесімен Республика даңғылы бағытында келе жатып, «Киа» автокөлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат көктайғаққа салдарынан болған. Таңғақ жол үстінде «Форд» жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. «Жол апаты салдарынан 66 жастағы «Киа» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды. «Форд» автокөлігінің жүргізушісі мен «Киа» автокөлігінің үш жолаушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. «Теміртау қаласының Орталық ауруханасына ЖКО-дан 5 зардап шегуші келіп түсті. 11 желтоқсанда 2014 жылы туған қыз алған жарақаттардан қайтыс болды. Сол күні 1954 жылы туған ер адам да көз жұмды. Қазіргі уақытта 1959 жылы туылған және 1986 жылы туылған 2 зардап шеккен адам Теміртау қаласының орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір зардап шеккен - 2010 жылы туған ер бала Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сай қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Тегтер: