USD
USD
USD

Тәжікстан президентінің туысы қамауға алынды

Тәжікстан президентінің әйелінің немере інісіне үлкен көлемде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Тәжікстан президентінің туысы қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 36 жастағы Нахшов Амриддин Данғара ауылындағы кафеде болған жаппай төбелеске қатысты. Оқиға салдарынан 10-ға жуық адам зардап шекті, оның төртеуі пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің арасында Ауғанстанның төрт азаматы бар.

Asia-Plus-тің хабарлауынша, Нахшов алдымен қашып кеткен, бірақ кейін өз еркімен кінәсін мойындаған.

Радио Озоди атап өткендей, Эмонали Рахмонның әйелінің немере інісі өз еркімен берілгенге дейін Данғарада емін-еркін жүрген, оны ұстауға ешкімнің дәті бармаған.

Нахшов қозғалған қылмыстық іс аясында қамауға алынды, алдын ала тергеу жүргізілуде, - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Нахшов қамауға алынғанға дейін алтын өндіретін кәсіпорынды басқарған.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер