Танымал журналист жемқорлықты сынаған мақаласынан кейін істі болды

28 тамыз, 11:40
Танымал журналист жемқорлықты сынаған мақаласынан кейін істі болды
Фото: kaztag.kz

Батыс Қазақстан облысындағы белгілі журналист – «Орал апталығы» («Уральская неделя») газетінің бас редакторы жемқор полицей туралы мақаладан кейін тергеуге ілінді, деп хабарлады ҚазТАГ.
Алматы, NEGE.  «Шақырту бойынша тергеушіге барып қайттық. Белгілі болғаны маған қатысты ҚР ҚК 147 бабы 5 бөлімі бойынша (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық іс қозғалыпты. Оған бір ай бұрын қылмыстық істе фигурант болған Атыраудағы бизнесменнің арызы негіз болыпты. Ол Өзбекстанның төрт азаматына жұмыс жасауға рұқсат алып беруге көмектескені үшін Оралда полиция офицеріне Т500 пара берген еді. Бизнесмен менің осы қылмыстық іс туралы жазған кезде оның аты-жөні мен ЖШС-ның атауын көрсеткеніме наразы», - деді Ахмедьяров.
23 шілдеде БҚО полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚБД-мен бірге пара алып жатқан тұста БҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерін ұстады. Сол кезде ҚР ҚК 366 бабы бойынша (пара алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Атап өтелік, Ахмедьяров полиция тарапынан жиі тергеуге тап болып жүр – журналист билік пен құқыққорғау органы тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық және басқа да бұзушылықтар туралы барынша өзекті тақырыптарды жазады. Сонымен қатар, ол БҚО қоғамдық-саяси өміріне де белсенді араласады.
2019 жылы Ахмедьяров Қазақстан Журналистер одағы мемн «Ақ Жайық» газеті редакциясының ортақ сыйлығының лауреаты атанды.