USD
USD
USD

Талдықорған ауруханаларына 38 оттегі концентраты тарту етілді

Талдықорғанға көпшіліктің ақшасына алынған 38 оттегі концентраты әкелінді. Қоймаға жиналған медициналық құрылғылар бүгін кәсіпкерлердің көмегімен емдеу мекемелеріне үлестірілді.

Талдықорған ауруханаларына 38 оттегі концентраты тарту етілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрылғылар Қаратал, Көксу, Ескелді аудандары мен қаладағы он ауруханаға жеткізілді. Оттегі аппараты «Шұғыла» қорына жолданған сұранысқа сай беріліп отыр. Бизнес қауымдастығы өкілдерінің үндеуінен кейін ел-жұрттан 10 млн теңгеге жуық қаражат жиналған-ды. Оған 79 құрылғы алу жоспарланып, бүгінгі күнге дейін соның 43 провизорлық және инфекциялық бөлімдерге берілді. Қалғаны алдағы уақытта ауруханаларға таратылады.

Қалалық көп салалы аурухананың директоры Жұмахан Молдақұлов: "Беріліп жатқан мұндай аппараттар негізінде күнде бір адамды орнына келтіріп, өмірін сақтап қалуға болады. Неге десеңіз, күнделікті егер уақытылы оттегі алған науқас тезірек орнына келеді. Тезірек жазылады. Сондықтан бұл аппарат жүріп жатқан аурудың негізгі емі болып саналады" дейді.

Ал кәсіпкер Дәурен Тәліпов: «Шұғыла» фонды әр концентраторға өз штирх-кодын салды. Және өздерінің базасына кіргізді. Ол жаңағы әр концентратордың қай ауруханада тұрғанын бақылап отырады. Сондықтан концентраторлар былай кетіп қалмайды, жеке адамның қолына түсіп кетпейді.Тек қана ауруханада еліміз үшін, халқымыз үшін пайдалануда қалады" деді. 

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Салтанат Аманқосова

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова