20 Маусым 21:43

Тағы да жол апаты: Түркістан облысында 7 адам қаза тапты

Фото:

Түркістан облысында жол апаты болып, екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Департамент мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. 

Оқиға Созақ ауданындағы Екпінді-Бірлік автожолында 144-531 шақырым жерде болған. Екі жеңіл көлік соқтығысқан. Аудандық полиция бөлімшесіне, 102-ге сағат 11.20 шамасында хабар түскен. 

«Оқиға орнына Түркістан облысы ПД жедел-тергеу тобы, криминалистер мен анықтаушылар шықты. Полицейлер Лада-приора және Фольцваген-гольф жеңіл автокөліктері соқтығысқанын анықтады. Салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Соталды тергеу басталды. Полицейлер қаза тапқандардың кім екенін және жол апатының мән-жайын анықтап жатыр», – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Алматы облысындағы Құлжа тасжолында да жантүршігерлік жол апаты болып, 7 қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға түсті. Ақтөбе облысында екі мектеп директоры жол апатынан қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға түсті. 

Тегтер: