USD
USD
USD

Тағы 4 ауыл карантинге жабылды

Коронавирус жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты СҚО-да төрт ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.

Тағы 4 ауыл карантинге жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шаралар облысты коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шығару үшін қабылданғанын айтты.

Комитет мәліметінше, Есіл ауданында 7 желтоқсаннан бастап Явленка ауылы, ал 3 желтоқсаннан бастап Ясновка ауылы қайтадан карантинге жабылды. Жұмабаев атындағы ауданда коронавирусқа байланысты Таман және Успенка ауылдарында да шектеу шаралары енгізілгені айтылады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, пандемия басталғалы СҚО-дағы 5 аудандағы 11 елді мекен жабылған.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

Сатыбалды

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Саммит

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Киберқылмыс