24 Сәуір 11:47

Сұлулық салондары қашан ашылады?

Фото:

Алматы әкімдігі "сұлулық салондары жақын уақытта ашыла ма?" деген сауалға жауап берді. 

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта сұлулық индустриясы нысандарының қызметіне Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың шешімімен тыйым салынған. «Карантин кезінде сұлулық салондары қауіп-қатер объектілері болып табылады. Қызмет көрсету ерекшелігінің өзі (шаш қию, сәндеу, шашты бояу, маникюр және тағы басқасы) шебер мен клиент арасындағы өте жақын (1 метрден кем) және ұзақ (30-40 минут және одан көп) байланысты қарастырады. Шебер ауырған жағдайда, барлық клиенттер жақын байланыс тізіміне кіреді және айналасына қауіп төндіреді»,– делінген әкімдік хабарламасында.

Мәлім етілгендей, эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда, саланың осы түрін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізу туралы мәселе қаралатын болады. Карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Санэпидқызмет органдары тарапынан бақылау күшейтіледі. «Осындай бұзушылықтардың барлық фактілері туралы аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына немесе тікелей Алматы қаласы департаментіне хабарлауды сұраймыз», – деп атап өтті әкімдіктен.

Тегтер: